KZ
Өскемен
+18°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Ауыл жұртшылығы АЭС салуды құптап отыр (видео)

Бүгін, 17:00 30 Жанаргүл Мұқатай

ҚР Парламенті сенатының депутаты Шәкәрім Бұқтығұтов Ұлан ауданындағы Таврия ауылдық округінің жұртшылығымен елімізде АЭС салудың маңызы турасында кездесу өткізді, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

Алда маңызды оқиға – Референдум. Бұл тек қана энергетика мәселесі емес, елдің болашағына, оның қауіпсіздігі мен экономикалық дамуына әсер ететін таңдау. Әрбір дауыс маңызды.

Сенат депутаты ауыл тұрғындарына әсіресе, өнеркәсіп пен өндірісті дамыту үшін Қазақстанға тұрақты энергиямен жабдықтау көзі аса қажет екенін айта отырып, елімізде күн, су, жел  энергиясы тәрізді жаңартылған энергия көздерінен қуат алу жобалары да көптеп жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.    

"Жуықта ғана Мәжіліс биылғы  наурызда Дохада аяқталған Қазақстан мен Катар үкіметтері арасында басым салалардағы инвестициялық жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді ратификациялады. (Келісімді ратификациялау елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекет экономикасының негізгі бағыттарына жаңа капитал тартуға мүмкіндік береді). Осы стратегиялық жобалардың ішінде біздің Шығыс Қазақстандағы Ертіс өзенінде су электр станциясының құрылысын салу да бар. Таяу шығыстағы Катар мемлекетінің ірі энергетикалық компаниясы салатын ГЭС-тің қуаты 350мВт құрайтын болады, бұл үлкен әлеует",  - деген сенат депутаты Ш. Бұқтығұтов көпшілікке еліміз үшін кез келген жаңартылған энергия түрінің, энергетикалық тәуелсіздіктің аса маңызды екенін түсіндірді.

Ауыл тұрғындарымен кездесуге келген Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ дың сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы Айбек Ақаев қазіргі күні көптеген адамдар қауіптеніп отырған АЭС-тің қауіпсіздігіне айрықша назар аударылатынын қарапайым тілмен әңгімелеп берді. Сарапшы қазіргі заманғы атом станцияларының қауіпсіздік жүйелері апат болған ескі реакторлардан айтарлықтай ерекшеленетінін,  қауіпсіздік стандарттары жоғары  буынының барынша жетілдірілген заманауи станциялары болатынын дәйектеп айтып берді. 


5 мыңнан астам адам тұрып жатқан Таврия ауылдық округінің әкімі Азамат Әкрамов қазіргі күні ауылдардың жағдайы жақсарып, кәсіпкерлік субьектілерінің көптеп ашылып жатқанын тілге тиек етті. Айталық, Гагарин ауылында кәсіпкер Владимир Локотош өз қаржысына, 1 млрд теңгеге 800 басқа арналған  сүт тауарлы фермасын салып жатыр. Қаладағы, ауылдағы қандай өндіріс орнының, қандай шаруашылық нысанының болмасын тұрақты жұмыс істеуі үшін сенімді қуат көзі керек. Ауыл азаматтарының көпшілігі АЭС салуды құптап отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив