KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

«Торос» серияда алға шықты

28.02.2018, 07:00 155

«Торпедо» мен «Торос» арасындағы үшінші кездесудің тағдырын жалғыз шайба шешті. Өкінішке қарай, бұл шайбаны нефтекамскілік хоккейшілер салды.


Осылайша, жоғары хоккей лигасы плей-офф кезеңінің 1/8 финалы аясындағы серияда «Торос» 2:1 есебімен алға шықты. Жалпы, Нефтекамск қаласында өткен үшінші матчта қарсыластар бір-бірінің қақпасына жүзден астам соққы бағыттады. Дегенмен, сол соққының біреуі ғана нысанаға дөп тиді. Башқұртстандық командаға жеңіс әперген шайбаның авторы қорғаушы Виктор Постников болды.


Бүгін командалар сериядағы төртінші матчын өткізеді. Естеріңізге салайық, қарсыластар арасындағы бесінші кездесу наурыз айының 3-і күні Өскемендегі Б.Александров атындағы спорт сарайында өтпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив