«Торпедо» – «Торос»: әзірге есеп тең
«Торпедо» Жоғары хоккей лигасының плей-офф кезеңін жеңілістен бастады. Дегенмен, келесі ойында қарсыласынан қарымта қайтарып, сериядағы таразы басын теңестірді.
Өскемендегі Б.Александров атындағы Спорт сарайында нефтекамскілік «Тороспен» өткен бірінші матч барысында торпедолықтар едәуір басымдыққа (қақпаға бағытталған соққылар бойынша есеп 52:37) ие болғанымен, жеңіске қонақ команда жетті. Айдын иелерінің жалғыз шайбасын шабуылшы Андрей Белозеров салды.
Дегенмен келесі күнгі кездесуде «Торпедо» хоккейшілері қарсылас қақпасынан екі мәрте саңылау тауып, нәтижесінде 2:1 есебімен жеңісін тойлады. Шайбалардың авторлары – Дмитрий Шевченко мен Андрей Белозеров.
Осылайша, «Торпедо» мен «Торос» арасындағы серияда есеп теңесті. 1:1. Енді командалар 27-ші және 28-ші ақпан күндері Нефтекамск қаласында өзара мықтыны анықтайтын болады.
Ал Өскемендегі келесі ойын наурыз айының 3-і күні өтеді.