KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 2 м/с, ОШ
441.44 473.09 4.75

«Digital East» жобасының болашағы ғаламтор желісіне тәуелді

22.02.2018, 08:06 71

Облыстық әкімдік отырысында аймақ басшысы Даниал Ахметов  осы  мәселеге  ерекше көңіл  аударды.  Облыс әкімі назарына ұсынылған «Digital East» жобасының концепциясы  қаланы «ақылды қалаға» айналдырудың негізі болуы тиіс. Онда  білім,денсаулық сақтау, энергетика, көлік және инфрақұрылым сияқты барлық салалар қамтылған.


–Сандық медицина бойынша біз қатардан қалып келе жатқанымыз рас,оның үстіне барлық  ойластырған жоспарлардан түк шықпауы да мүмкін. Өйткені елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету жағы ақсап тұр. Бір айдың ішінде  осыған сәйкес бағдарламаларды қабылдап, оны іске асыруға кірісу керек,-деді облыс басшысы Даниал Ахметов.

Айта кету керек, бүгінде өлкемізде ғаламтор желісі жетпеген 341 елді мекен бар.


Жиында  көшелерді жарықтандыру мәселесін жетілдіру бойынша көп ойлар айтылды. Бұл әсіресе Семей және Өскемен қалаларына қатысты. Аталған қалаларды жарықтандыруда жалпы тұтынылған электр энергиясының 19 пайызы жұмсалып отыр. Жарықшамдарды энергия үнемдейтін құралдарға ауыстыру және интеллектуалды басқару жүйесін енгізу көрсетілген шығынды 60-70 пайызға  азайтуға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив