KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 3,3 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Жармада жас сақшылар бар

19.02.2018, 09:22 236

Шар қаласындағы Абай атындағы орта мектеп базасында Ауған соғысының интернационалист–жауынгер Самат  Бейсембаев  атындағы «Жас сақшы» әскери-патриоттық клубының ашылу салтанаты болып өтті.


«Жас сақшы» әскери-спорттық патриоттық клубының мүшелері салтанатты түрде ант қабылдап, ШҚО «Әскери спорттық клубтар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Асаубайұлы Тусупов клуб мүшелеріне арнайы куәліктер табыстады.Шара «Зарница» әскери-патриоттық ойынымен  жалғасты.



Бүгінде жастармен жүргізілетін әскери-патриоттық шараларда интернационалист-жауынгерлердің бастамасымен өтіп жатқан жұмыстар отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеуге  бағытталған.


Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Маяковский ат. орта мектеп, ІІ орынды (Шар қ.) Абай атындағы орта мектеп және ІІІ орынды Абюай атындағы мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды.  Барлық командалар алғыс хаттар және медальдармен марапатталды. Ал Маяковский атындағы орта мектеп командасы ауыспалы кубокты иеленді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив