KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Жас сақшылар кіл мықтыны анықтады

13.02.2018, 09:51 324

Шар қаласында Абай атындағы орта мектеп жанынан интернационалист – жауынгер, Самат Бейсембаев атындағы «Жас сақшы» әскери-патриоттық клубының ашылу салатанаты өтіп, әскери-спорттық сайыс ұйымдастырылды. Айтулы шараға аудандық әкімдік өкілдері, мектеп оқушылары, жауынгердің жақындары, әскери қызметкерлер және қоғам белсенділері жиналды.



Салатанатты жиында С. Бейсембаев өмірінен бейнеролик көрсетіліп, аудан әкімінің орынбасары А. Ибраев сайыс қатысушыларына ақ жол тіледі. Сол сияқты «Жас сақшы» әскери-патриоттық клубының мүшелері ант қабылдап, ШҚО «Әскери спорттық клубтар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Түсіпов жас өрендерге арнайы куәліктер табыстады. Игілікті оқиғаның көркін Шардың өнерлі жастары концерттік бағдарламамен келтірді. Бұдан өзге құттықтау лебіздерін аудандық Қорғаныс істер жөніндегі басқармасы, шақыру бөлімшесінің басшысы Д. Нұртөлеуұлы, сондай-ақ Ауған соғысы ардагерлер комитеті төрағасының бірінші орынбасары Н. Траиспаев білдірді. Осыдан соң «Зарница» әскери-спорттық жарысы басталды. Ұзын саны 8 команда бақ сынаған додаға, Бородулиха ауданынан да бір команда қатысқанын айта кету керек. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Маяковский атындағы орта мектептің командасы жеңіп алды. ІІ орыннан Шардағы Абай атындағы орта мектептің құрамасы көрінді. Ал үздік үштікті Абай атындағы мектеп-гимназиясының командасы түйіндеді. Барлық сайыскерлер алғыс хаттар және медальдармен марапатталды. Ал Маяковский атындағы орта мектеп командасы ауыспалы Кубокке ие болды. Айта кетерлігі интернационалист-жауынгерлердің бастамасымен өтіп жатқан мұндай жарыстар ең бірінші кезекте жастардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерді арттыруға бағытталған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив