KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Жаназа дастарқаны жанқалтаны қақпасын

2.02.2018, 08:46 202

Күршім аудандық орталық мешіті қоғамдағы осы мәселенің өзектілігін ескеріп,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітапты таныстыру мақсатында семинар өткізді.


Аудандық бас имамы Тілейбек қажы Соянұлы: «Жаназа намазы–пенденің дүниедегі һәм өзгелердегі соңғы ақысы. Жаназасын шығару – мұсылмандар үшін парыз кифая. Өліге құрмет көрсету, арулап аттандыру – шариғат талап еткен іс»,-деп, ҚМДБ-ның ғұламалар кеңесінің шешімімен таныстырды.


1.Жаназада митинг тоқтатылсын; 2. Жаназада марқұмның артынан жыртыс тарату тоқтатылсын; 3. Құдайы ас дастарқанында торт, жеміс-жидектер қойылмасын; 4. Марқұмның жетісіне көңіл айтатын адамдар ғана барсын; 5. Жаназаның асында дастарқаннан ештеңе алмау, өйткені қаралы үйге көңіл айтуға келушілер болады (қайта-қайта шашылмас үшін); 6. Жаназа асында, жетісінде, қырқында, жылында бейнеролик көрсетпеу; 7. Марқұмның жетісін тек үйден беру; 8. Қайтыс болғандағы қонақ асы кафелерде, үйлерінде көпшілікті жинап ас берілмесін. Тек қана алыстан келген туған-туыстарына ғана ас берілетін болады.


Марқұмның жаназасы, қырқы, жылдық асының ас мәзірі былай болып бекітілсін: 1-бауырсақ; 2-май; 3-қант; 4-қоспа; 5-құрма; 6-кәмпит; 7-печенье.


Мешіт жамағаты атынан Әділхан Тұрсынханов ақсақал: «Ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан  дәстүрлі құндылықтары ескере отырып, жаназа мәселелерін жүйелеу және аталмыш игі дәстүрді ел игілігіне айналдыруға жұмыс жүргізіп жатқан дін саласындағы азаматтарға алғыс айтамыз. «Сүннет-салтымыз, хадис ғұрпымыз»,-деген ұлылардың сөзіне жүгініп, шариғат пен дәстүрімізді ұштастырып жаназа мен жерлеу рәсімдеріне көңіл бөлетін кез келді.


Семинар барысында «Қазақстан бойынша жерлеу рәсімдерін бірізділікке салу мақсатында, жерлеу рәсімдеріне түсіністікпен қарап, алдағы уақытта ұсынылған пәтуа бойынша іс атқаратын болайық»,-деп үндеу тасталды. Жиналған көпшілік үндеуді бірауыздан қостады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив