KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4,8 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Семейде оқыс оқиға

31.01.2018, 08:11 127

Семейде гаражда иіс тиіп өлу фактісі тіркеліп отыр, деп хабарлайды Семей қалалық ТЖ басқармасының баспасөз қызметінен. 2018 жылдың 29 қаңтары күні сағат 11.52 кезінде «101» қызметіне, Юность көшесі бойындағы үйде,  1984 жылы туған Б.  есімді азаматтың газға тұншығып қалғаны жөнінде хабар келіп түскен. Тез арада жеткен жедел жәрдем бригадасы азаматтың қайтыс болғанын анықтапты.



-Гаражда жұмыс істеп отырған азамат газға тұншығып уланып қалған,-деді Семей қалалық ТЖБ бас маманы Айгүл Мирсайытова,-бірақ өрт сөндірушілер, құтқарушылар отряды дер кезінде шақырылмаған. Қазір қыс кезі. Сондықтан да автожүргізушілер қысқы жағдайда, иіс тиіп қалудан сақ болулары керек. Гараждарының ауа алмасу жүйесі қалыпты болғаны жөн. Суық ауа-райы кезінде гараждың ішін тазалау   жұмыстарын кейінге шегерген дұрыс. Көлік двигателі ашық жұмыс істеп тұрған кезде, ауасы алмаспаған гараждың ішінде қалып, уланып қалудан сақ болғандарыңыз жөн.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив