Жер үсті өткелі құрылысының маңында тыйым салу белгісі орнатылды
«Аялдауға тиым салынады» жол белгісі Тәуелсіздік даңғылындағы бұрынғы автокөліктерді уақытша тұраққа қоятын жерге қойылды. Қазір ол жерде жерүсті өткелінің тіреуіштерін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша осы жерде автокөліктер бұрылған кезде көптеген апаттық жағдай туындатады, сол себепті алдын-ала қам жасалған.
– Біз арнайы мониторинг жасадық, осылайша 3.26 яғни «Аялдауға тиым салынады» деген белгіні қойдық,-деп түсіндірді ШҚО ІІБ әкімшілік полиция баспасөз қызметінің өкілдері.
Енді көлік жүргізушілері осы маңда аса абай болуы керек. Өйткені аталған белгіні елемей кетсеңіз, 10АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Оқи отырыңыз