KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

Өскемендік оқушыларға тұмауға қарсы 4500 вакцина тегін салынады

23.01.2018, 07:45 144

Бұл туралы Өскемен қаласының  мемлекеттік бас санитар дәрігері Михаил Дерябин мәлімдеді.


–  Шаһарда ЖРВИ мен тұмауға байланысты жағдай тұрақты. Дегенмен ақпан айының соңы,наурыздың басына қарай бұл аурулар  дендеуі  ықтимал. Осыған орай вакцинация мерзімін ұзарттық және қосымша өз саламыздан тұмауға қарсы 4500 вакцина бөліп отырмыз,-деді Михаил Дерябин.

Михаил Дерябиннің айтуынша, аталған вакциналар  тегін түрде екпе жасалу үшін барлық мектептерге үлестіріледі


–  «Гриппол плюс» вакцинасы Ресейде өндірілген. Елімізде сыналып,жақсы жағынан мақұлданған,-деді өз сөзінде Михаил Дерябин.

Бас санитар дәрігердің мәлімдеуінше,  ЖРВИ мен тұмауға байланысты жағдай қазір қанағаттанарлық.  Бюджеттік негізде тұмауға қарсы 19681 адам егілсе, олардың  454-і жүкті әйелдер, ал 2259-ы медициналық қызметкерлер.


Биыл вакцинацияға жұмыс беруішлер де өте үлкен жауапкершілікпен қарады. Олардың есебінен 19075 жұмысшыға екпе жасалды. Екпе алғандар арасында тұмаумен ауырғандар тіркелмеген.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив