KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

 Street Workout спортынан дәстүрлі фестиваль өтуі мүмкін

23.01.2018, 06:48 137

Өткен жылы облыс әкімдігінің бастамасымен дәл осы спорт түрін дамыту мақсатында қалада бірнеше алаңқайлар жабдықталған болатын. Айта кетейік, Street Workout  көшеде жаттығу дегенді білдіреді. Спортшылар арнайы алаңқайда қойылған түрлі спорттық жабдықтар арқылы таза ауада сан қилы спорттық тәсілдер көрсетіп, өзара сайысқа да түсе алады.


Облыс басшысы аталған спорт түріне қатысты жаттықтырушыларды  оқытуға тапсырма берді. Ал ол жаттықтырушылар өз кезегінде жас ұрпақты спортқа тартып, Street Workout-тың қыр-сырына баулу керек.


- Street Workout барлық аудандарда дамып, танымал болған кезде  осы спортқа икемділердің арасында ең мықтыларын іріктеп, қалада дүбірлі турнир өткізуге болады,-деді  облыс әкімі Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив