KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Жүрдек пойызға зейнеткерлер мен ардагерлерге, студенттерге жеңілдік бар

23.01.2018, 04:31 258

«Тұлпар-Тальго» пойыздарының бәріне тарифті икемді реттеу бағдарламасы енгізілген. Яғни, билетті неғұрлым ертерек сатып алсаңыз,  соғұрлым арзанға түседі. Алдын ала қам жасасаңыз, билетті 35 пайызға дейін арзанға алуға болады. Сонымен бірге ардагерлерге, студенттерге, мүгедектерге, ардақты аналарға жеңілідіктер бар.


Мысалы, қазір 24 ақпанға Алматыға «Тұлпар-Тальго» пойызының билеті  12 000 теңге көлемінде тұрады, егер жолаушы осы күнге билетті қазірден бастап бір ай бұрын алып қойса 30-35 пайыздық жеңілдікпен  8000  теңгеге алуына болады. Пойыздың жүретін күні жақындаған сайын, билет құны да өсе түспек.



Жолаушылардың   төмендегі топтарына арналған дисконтты карталар бойынша билетті арзан бағаға сатып алуға болады:


«Кұрмет» – 60 жас пен одан ересек адамдар үшін 30%; (дисконтты картаны сатып алуға 999 теңге төлеу керек).


«Жастар» – 16-25 жас аралығындағы жастар үшін 30%; (999 теңге).


«Саяхатшы» – тұрақты жолаушылар үшін 10%-дан 20%-ға дейін (тегін).


«Ардагер» – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері  үшін 99%; (тегін).


«Ардагер+» – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін 50%; (200 теңге).


«Қамқор» – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 50%;  (200 теңге).


«Ардақты ана» – «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері үшін 30%. (200 теңге).



Аталған дисконтты карталарды  Өскемендегі, Семейдегі теміржол вокзалдарынан алуға болады, дисконтты карталар тек вокзалдарда ғана сатылады. Ақылы дисконтты карталардың құны  200 теңгеден 999 теңгеге дейін және  бір жылға есептелген.


Бұл жеңілдіктер   «Өскемен-Астана», «Астана-Өскемен» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызына да бар болатын.


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив