KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
484.19 524.28 5.03

Ұлы дала дарыны

19.01.2018, 03:28 211

Қалалық орталық кітапханада композитор Жолдыбай Дастеновтің туғанына 75 жасқа толуына орай «Мерей» клубы аясында «Ұлы дала дарыны» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кешке Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадыр Досымжанов, ҚР Мәдениет қайраткері, қобызшы-ұстаз, дирижер Оразғали Сейітқазин, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Мәулітқазы Рахымбаев және «Авиценна» медициналық колледжінің студенттері, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Кештің мақсаты композитордың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, жастардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылды.


Шара барысында кітапхана қызметкері Гүлфира Түлеуканова жиырмасыншы ғасырдың 70-жылдарында қазақтың ұлттық музыка әлемінде жаңа бір дәуірдің парағын ашқан Ж. Дәстеновтың өмірі мен шығармашылығын баяндады. Өзіндік ерекшелігі, табиғи қабілеттілігімен дараланып тұрған Ж. Дәстеновтің Семей жерінде жазған шығармалары «Абайдың қабірінің басында» атты фортепианолық триосы, «Үш әңгіме», «Ежелгі қаланың көріністері», «Кешкі ертегі» сюиталары, «Планетаға бейбітшілік керек» симфониялық поэмасы, қырғыз драматургі М.Байжиевтің либреттосына жазылған «Тоқта, мерген», мюзиклі, Семейлік Совет Одағының батыры И.Ландышевке арналған «Комсомол билеті» поэмасы тыңдаушылар тарапынан жоғары бағаланып, 1971 жылы СССР Композиторлар одағына мүше болғаны туралы кеңінен жеткізе айтып берді. Сонымен қатар шығыстың саз мәдениетіне ортақ қасиеттерін, қазақ, ұйғыр, тәжік, өзбек халық музыкасы әуендерін үндестіре білген Ж. Дәстеновтің алғашқы қойылымы «Қаңбақ шал» операсы балаларға арналған операның орнын толтырып, жас ұрпаққа рухани азық болғанын жеткізе отырып экран арқылы оқырман қауымға «Қаңбақ шал» балалар операсының концерттік премьерасынан үзінді көрсетті. Шараны Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ. Досымжанов сөз кезегінде Ж. Дәстеновпен қайта оралмас сағым болып өте шыққан күндерін, сағыныш сөздерін еске ала отырып, Ж. Дастеновқа арналған «Мәңгілік қосбасар» атты күйін орындап берді.


-Музыка – адам еңбегі мен талантының ең бай қазынасы, - деп өз сөзін жоғары баға бере бастаған ҚР Мәдениет қайраткері, қобызшы-ұстаз, дирижер Оразғали Сейітқазин сөз кезегінде сазгер деген қандай өнер иесі, композитор деген кім екендігіне кеңінен тоқтала отырып, сапалы музыка жазу үшін биік деңгейдегі шығармаларды тыңдап, көбірек кітап оқу керектігін жеткізді.


Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Мәулітқазы Рахымбаев музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы, сондықтан музыканы шынайы таза жүрекпен қабылдап, тыңдау керектігін айта отырып, өнерді қадірлеу, ал өнер иелерін құрметтеу біздің парызымыз деп жастарға ақыл кеңесін білдірді. Шара соңында «Өлке мақтаныштары» атты ұйымдастырылған кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив