KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
471.46 504.79 5.53

Семейде әнші Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына арналған кеш өтті

24.04.2018, 05:57 213

Қазақы болмысына біткен табиғи дарынының арқасында ұлттық ән өнерімізді тұңғыш рет әлемге танытып, орыс және батыс мәдениетінің қайраткерлерін тәнті еткен Әміре Қашаубаевтың туғанына биыл 130 жыл. Семейде өткен музыкалық кеште осынау тума талант  туралы  жазған  ұлы жазушы Мұхтар Әуезов және өнер қайраткері режиссер Жұмат Шаниннің  пікірлері оқылып, көптеген тарихи естеліктер айтылды.


Музыкалық кеш  «Орфей» клубы аясында ұйымдастырылды. Бұған М.Төлебаев атындағы  музыкалық училищесінің ұжымы мен «Авиценна» медициналық колледжінің өнерге, қазақ әніне ден қойған студенттері қатысты.


-Халқымыздың ұлы әншісі Әміре Қашаубаевтың ән өнерінің тарихындағы қайталанбас дарындылығы ерекше,-деді  М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің студенті Нұрдаулет Қаламбекұлы,- Әміренің орындау шеберлігі, дауысының көркемдігі мен байлығы және кең ауқымдылығы оның дарын иесі екендігін көрсетеді.

Сондай-ақ, кешке қатысушылар орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырған «Ұлттық өнер – ұлылығымыздың белгісі» атты кітап көрмесімен танысты. Онда Әміре өмірі жайлы көптеген құнды деректер назарға ұсынылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив