KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
478.54 533.76 5.17

Жаңғыру негізі Жолдауда

16.01.2018, 08:49 156

Семейдің Абай атындағы әмбебап кітапханасының оқу залында қаладағы әртүрлі жастар ұйымдарының отырысы өтті. Олар Елбасының биылғы Жолдауын талқылап, көптеген маңызды ұсыныстарын ортаға салды. Бас қосуға Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар  Садырбаев қатысып, жастармен Елбасы жолдауы туралы ой бөлісті. Жиын қорытындысы бойынша Елбасы жолдауын жастар арасында насихаттау мақсатында үгіт-насихат тобын құру ұсынылды.


-Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында  көптеген маңызды мәселелер қозғалғандығын оқып, елден бұрын ерекше серпіліп қалдық,-деді «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы » КММ директоры    Олжас Соғымбай,-біздің жастар жолдауды қолдайды. Себебі осы жолғы Жолдаудың мәні мен маңызы ерекше. Мысалы  «Smart Sity»  және  «IT» сынды тағы басқа да оқу, білім беру салаларындағы жаңа технологиялар арқылы дамуға орай жастардың алар орны ерекше екендігін айтпасақ та белгілі. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында  айтылған экономиканы өркендету талаптарына орай экономика, қаржы саласындағы білікті мамандарды даярлаудың да маңыздылығы жоғары тұратыны рас. Жас ғалымдарға арнайы гранттар тағайындап, шет елдердің жоғары деңгейлі оқу орындарымен байланыс орнату, жастардың білім сапасын арттырып, өмірден өз орындарын табуға беріліп отырған үлкен мүмкіндік.

Қорыта айтқанда, Жолдауды талқылаушылар білімді де, білікті жас мамандардың жігер күшін елдің ертеңі үшін жаңа технологиялар жолында жұмылдыра білсек, ұлы даланы мекен еткен Қазақ елінің озық отыз елдің ортасынан ойып орын алар күні де алыс емес деп білеміз десті. Жаңа әлемде жаңғырған жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолында жастар қашанда жұмыла жұмыс жасайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив