KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность Штиль
478.54 533.76 5.17

«Бірлік керуенін» бастап барғандармен кездесу өтті

Фото: ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Кеше, 11:30 49 Айжанат Бақытқызы

Облыстық дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен V дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында театрландырылған қойылыммен біздің өңірдің атынан «Бірлік керуенін» бастап барған батыр-елшілермен кездесумен өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің 20 облысынан келген, құрамында спортшылар, қоғам қайраткерлері бар елшілер мен батырлар Астанаға Қазақстанның шипалы суларын жеткізген еді. Республиканың түкпір-түкпірінен жиналатын су, ашылу күні тайқазанға жиналып, бірліктің басты символына айналды. Айтулы шараға облыс атынан барған делегация мүшелері де қатысып, Қатонқарағай ауданындағы Көккөл сарқырамасынан торсыққа алынған суды жеткізді. Осы көшті бастап барған жерлесіміз, садақ ату федерациясының мүшесі, батыр қыз рөлін сомдаған Гүлдана Бірліктің айтуынша, дәстүр бойынша, олимпиада, Азия және дүниежүзілік универсиада сияқты заманауи ірі спорттық жарыстардың барлығына дерлік пішіні жағынан әртүрлі, бірақ мазмұны біркелкі Алау эстафетасы міндетті түрде кіреді.

"Ойындар қарсаңында барлық облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларында әсерлі театрландырылған іс-шара өткізу үшін жергілікті қасиетті бұлақтардың бірінен дүниежүзілік ойындардың ашылу рәсіміне апарылатын су алынды. Суды тайқазанға құйған сәттегі алған әсерімді айтып жеткізе алмаймын. Кеудемді мақтаныш сезімі кернед"і, – деп қортындылады Гүлдана Бірлік.

                                                                                                                                                            Ажар Мұратқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив