KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность Штиль
478.54 533.76 5.17

ШҚО ТЖД құтқарушылары мектепте оқу эвакуациясын өткізді

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД
Кеше, 19:00 44 Айжанат Бақытқызы

ШҚО құтқарушылары мектепте оқу эвакуациясын өткізуіне байланысты Өскемен қаласының №38 мектебіндегі сабақтар өрт дабылының дыбысымен үзілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 Оқу-жаттығуы кезінде оқушылар педагогтардың сүйемелдеуімен сыныптан сыртқа шығарылды. Оқу орнындағы турникеттерді оқушылардың кедергісіз шығуын қамтамасыз ету үшін нысанның күзет қызметі ашты.

 ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Азамат Құмарбеков түсіндіргендей, «ҚР өрт қауіпсіздігі қағидаларының» 36-тармағына сәйкес, эвакуациялау және шығу жолдарында кедергілер қоюға жол берілмейді. Егер турникеттер болса, автоматты немесе қашықтықтан ашу әдісін қолданудан басқа, оларды ішінен қолмен ашу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.  

 Эвакуациядан кейін барлығы мектептің жанындағы ашық алаңда тұрды. Жаттығудың басынан бастап мектеп оқушылары мен эвакуацияға жауапты мұғалімдердің іс-әрекеттерін мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары бақылап отырды, олар кемшіліктерді көрсетіп, мұғалімдер мен оқушылар арасында өрт болған жағдайда дүрбелең мен қателіктерге жол бермей, дұрыс әрекет ету үшін нұсқаулық пен профилактикалық жұмыс жүргізді.

 «Өрт туындаған кездегі басты міндет - оқиғаға уақытында ден қою және «112» қызметіне хабарлау. Эвакуация кезіндегі іс - қимылдардың үйлесімділігі мұқият пысықталуы тиіс», - деп атап өтті ШҚО ТЖД.

 Құтқарушылардың айтуынша, қыркүйек айы - оқу орындарында өрт қауіпсіздігі бойынша сабақтар мен жаттығулар өткізілетін кезең. Балаларды оқытудың осындай формалары пайдалы дағдыларды игеруге және өмір қауіпсіздігі негіздері туралы білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив