KZ
Өскемен
-16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

ШҚО әкімі: «Қонақ болсын, өз тұрғынымыз болсын – тәрбие болу керек»

26.09.2024, 12:00 126 Ержан Әбіш

Бюджет есебінен халық қажеттілігі үшін салынып жатқан нысандар мемлекет пен бұқара тарапынан тең дәрежеде бақыланып, күтілуге тиіс. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жағалауды бақылау кезінде айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа салынған жағалауда біраз уақыт ішінде бірнеше заң бұзушылық байқалып үлгерген.­

– «Таза Қазақстан» деген біркүндік акция емес, күнделікті тұрмыс барысы ғой. Тазалықты әдетке айналдырып, сіздер, тұрғындар да белсенді болуларыңыз керек. Қоқыс тастап ластай ма, көлікпен жаяу жүргіншілер аумағына тоқтай ма, көрген бетте полицияға хабарлаңыздар. Табамыз, заң аясында жауапкершілікке тартылады. Қонақ болсын, өз тұрғынымыз болсын – тәрбие болу керек, – деді Ермек Көшербаев.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу