KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1,2 м/с, С
478.16 534.92 5.18

ШҚО: Аймақ үшін рапс, соя өсіру анағұрлым тиімді

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 18:00 1 Жанаргүл Мұқатай

Келер жылы Үлкен Нарын ауданында нарықта сұранысы артып отырған рапс дақылы алқабын ұлғайту көзделініп отыр. Биыл аталған ауданда 4,8 мың гектарға рапс егіліп, гектарынан 23,9 центнерден, өте жоғары өнім алынған. Облыс әкімдігінің отырысында аймақ басшысы Ермек Көшербаев аймақтың Шемонайха, Глубокое, Алтай, Ұлан сияқты астықты аудандарының әкімдеріне егістікті әртараптандыруға көшуге, оның ішінде рапс, соя сияқты бағасы жоғары дақылдарды егуге орай тапсырма берді, деп хабарлайды, Altainews kz тілшісі. 

Қазіргі күні диқандар егуге әуес болып отырған күнбағыстың бағасы тоннасына -140-180 мың теңге болса, рапстың бағасы-200 мың теңгенің үстінде тұр. Биыл облыста 1300 гектарға  соя егілген.

"Дақылдарды егуге, өсіруге кететін шығындар бірдей болғанымен бағасы екі түрлі, көріп отырсыздар. Өткен жиында Фарид Абитаев Тарбағатай, Зайсан аудандарындағы  Қандысу, Үйдене су қоймалары жөнделген соң Тарбағатай мен Зайсанда рапс пен сояны 80 мың гектарға дейін өсіріп, көбейтуге болатынын айтты.  Тарбағатай мен Зайсанда суландыру жүйесін құрып, жерге сіңіп кетіп жатқан суды арық арқылы емес, құбыр арқылы тасымалдауды жолға қойсақ, осы екі ауданда рапс пен сояны егуге бола ма? Осыны зерттеп, тексеріп, зерделеп шығыңыздар. Егер ол жақта осы дақылдарды көптеп еге алсақ, онда Зимунай, Майқапшағайда рапс, сояны өңдейтін кәсіпорындар құрып, Қытайға, басқа елдерге шығарудың тиімді жолы ашылады. Абитаевпен бірге осы мәселені кеңесіп, шешіңіздер" ,- деген тапсырма берді облыс әкімі өзінің орынбасары Д.Сапанов пен мен ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына.

Бүгінгі күні Тарбағатай ауданында 200-ден астам шаруа қожалықтары бар. Аудан әкімінің айтуынша, су тапшылығы қатты сезіліп отырған Тарбағатай ауданында суландыру жүйелерін енгізу үшін инвесторлармен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Келер жылы 1700 гектар алқапқа жаңбырлатып суғару технологиясы енгізілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив