KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Оқытушыларды электронды оқулық жасауға үйретпек

16.01.2018, 04:54 84

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында жоғары оқу орындарындағы ғылыми бағыттарды дамытуды, ІТ-технологияларды зерттеуге басымдық беруді, сонымен қатар, жоғары білім саласында ақпараттық технологияларды меңгерген түлектер санын ұлғайтуды атап көрсеткен-ді.


Осыған орай С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да университетке арналған ІТ-технологияның жаңа түрі – электронды оқулықтарды құрастыру қолға алынды деп хабарлайды білім ордасының баспасөз қызметі.


– Елбасы Жолдауда ІТ-технологияларға басымдық беруді, ақпараттық технологияларды меңгерген, жасанды интеллектпен және «ауқымды мәліметтермен» жұмыс істеуге машықтанған студенттер дайындауды атап көрсетті, – дейді модульдік бағдарламаның авторы, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар департаментінің инженер-бағдарламашысы К. Веригина.

ШҚМУ-да алғаш рет «Электронды оқулықтар жасау» курстары өтеді. Оның міндеті – оқытушыларды «Электронды оқыту» бағдарламасымен жұмыс істеуге үйрету.


– Курс тыңдаушылары SCORM 2004 HTML форматында электронды оқулықтарды өздері әзірлеп, жариялай алатын болады, – дейді К. Веригина.

Курстар 18 қаңтардан 19 сәуірге дейін жүрмек. Атап өтерлігі, университет оқытушылары жаңа курсқа асқан белсенділік танытуда, қазірдің өзінде 16 адам курсқа жазылып үлгеріпті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив