KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Екі ойында үш ұпай

15.01.2018, 09:11 143

Өткен аптаның соңында Жоғары хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында кезекті кездесулерін өткізген өскемендік «Торпедо» бір рет жеңіп, бір рет жеңілді.


Алдымен қонақта нефтекамскілік «Тороспен» кездескен Мисхат Фахрутдинов шәкірттері 4:2 есебімен жеңіске жетті. Жалпы, бұл матчта «Торпедоның» барлық ойыншысы тамаша ойнады десек қателеспеспіз. Әсіресе, Евгений Рымарев, Александр Шин, Леонид Метальников пен Денис Игнашинның еңбегі ерен болды. Алғашқы екеуі бірлесіп үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырса, соңғы екеуі дубль авторлары атанып, «Торпедоға» үш ұпай сыйлады.


Қонақтағы ойындар сериясын өскемендік команда Татарстанның Альметьевск қаласында жергілікті «Нефтяникке» қарсы матчпен аяқтады. Аталған кездесуде де торпедолықтар өздеріне тән шабуылдаушы ойын өрнегін көрсетті. Тіпті, ойынның алғашқы 10 минутынан кейін 3:0 есебімен алда тұрған болатын. Алайда, айдын иелері таразы басын теңестіріп қана қоймай, негізгі уақыттың соңғы минуттарында жеңісті жұлып әкетті. Бұл ойында «Торпедо» сапында Андрей Белозеров (дубль), Леонид Метальников пен Евгений Рымарев көзге түсті.


Осы екі матчтан кейін қоржынына 74 ұпай салған өскемендік ұжым турнир кестесінің жетінші сатысына орналасты. Алда жерлестерімізді өз айдынында өткізетін төрт кездесу күтіп тұр. Оның алғашқысын торпедолықтар 19 қаңтар күні чеховтық «Звездамен» өткізетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив