KZ
Өскемен
+3°
туман жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Ең нәтижелі ойын көрсетті

9.12.2012, 18:00 118


Өскеменнің «Казцинк-Торпедосы» өз айдынында Тверьдің хоккейшілерін 7:2 есебімен ойсырата ұтып, кезекті жеңіске қол жеткізді. Сөйтіп, «торпедолықтар» қарсыластар қақпасына көп шайба салудан клубтың жеке рекордын жаңартты. Бұл - біздің жігіттердің жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп келе жатқан жылдардағы ең нәтижелі ойыны.

Айдын иелері барлық шайбаны қарымта шабуылдардан салды. Алғашқы жиырма минуттықта Огородников екі мәрте көзге түсіп, дубль иесі атанса, кездесудің екінші кезеңінде Штайгер, Шин, Есіркенов бір-бір шайбадан соғып, есепті еселей түсті. Ойынның үшінші кезеңінде белсенді қимылдаған Рымарев пен Овчинников қарсыластарға тағы бір-бір голдан «сыйлап», қонақтардың жағдайын одан ары қиындатып жіберді. Ал Евгений Рымарев болса, бір голдың авторы атануымен қатар үш мәрте нәтижелі пас шығарып, ойында 4 ұпай жинады. Бұл – оның осы маусым басталғалы бергі жеке рекорды. Сол сияқты рекордтық көрсеткіш Шин-Рымарев-Есіркенов үштігінің еншісіне жазылды. Шабуылдаушы бұл үштік ойын қорытындысы бойынша 8 ұпайды еншіледі.

Жанкүйерлеріне тамаша ойын сыйлаған «торпедолықтар» бұл матчта өз қақпасын Иван Полошков голдан аман сақтап қала алмады. Кездесудің 45-ші минутында және соңына қарай тверьліктер екі шайба соғып, аз да болса абыройларын сақтап қалуға тырысты. Дегенмен қорытынды есеп – 7:2, «Казцинк-Торпедоның» пайдасына.

Матчтың үздік ойыншылары: айдын иелері сапынан Андрей Огородников, қонақтардан Михаил Потякин атанды.

Игорь ДОРОХИН, «Казцинк-Торпедо» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы:
– «Локомотивке» қарсы ойында біз 2:0 есебімен озып тұрып, жеңіске оңай жетеміз деген оймен арқаны кеңге сала жүріп, ақырында бұл әрекетіміз үшін «таяқ» жей жаздадық. Сондықтан жігіттермен арада әңгіме болып, бұл ойынға іштей дайындалып келдік. Нәтижесінде алғашқы минуттан соңына дейін тамаша өнер көрсеттік. Әрине, ішінара кем-кетіктер орын алғанмен, жалпы ойынның барысы көңілімнен шық-ты. Біздің команда тапсырманы жақ
сы орындады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив