KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Квота туралы қайдан білуге болады?

13.01.2018, 11:15 201


– Тұрғындарды медициналық квоталар туралы ақпараттандыру қалай жүргізіледі және оны алу тәртібі қандай?

Раушан Қадырбекқызы


Зайсан ауданы.


Сауалға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов жауап береді:


– Медициналық ұйымдардың ақпараттық сайттарында стационарлық медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызу тәртібі мен ережелері туралы ақпараттар орналастырылады. Пациент стационарды, сондай-ақ республикалық деңгейдегі ұйымды (бұдан әрі – республикалық клиника) таңдаған кезде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін немесе медициналық ұйымның маманы сәйкес бейініне қарай оған бос төсек-орындар туралы ақпарат береді.


Сонымен қатар әрбір пациент «қонақ» ретінде электрондық емдеуге жатқызу бюросына кіріп, ақпарат ала алады. Емдеуге жатқызу бюросының порталы – алдыңғы үш күндегі республикадағы кез келген стационардағы бос төсек-орындар туралы ақпарат ала алатын ғаламтор-ресурсы (https://bg.eisz.kz). Егер пациент дәрігерден емдеуге жатқызу кодымен қоса жолдама алса, онда өңірлік және республикалық клиникалар бойынша ағымдық күту парағын қарап, өз кезегін қадағалай алады.


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив