KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Жоспарлы емделудің тәртібі қандай?

5.05.2013, 18:00 174


– Облыс тұрғындары стационарлық ем алу мақсатында өзі таңдаған ауруханаға жату үшін қайда хабарласуы керек?

Меруерт Жанатова
Күршім ауданы.

Сауалға облыстық емделуге жатқызу бюросының меңгерушісі Шынар Әшірбаева жауап береді:
– Жоспарлы емделуге жатқызу – амбулатория дәрігерінің шұғыл жәрдемді қажет етпейтін пациентті стационарға жолдау бойынша емделуге жатқызуы. Стационарлық жоспарлы емдеу пациентке көрсетілетін тегін, медициналық кепілді көмек көлемінің аясында жүзеге асырылады.

Пациентті стационарда емдеу туралы мәселені медициналық көрсетілімі болған жағдайда емдеуші дәрігер шешеді. Алдын ала қажетті медициналық тексерулер жүргізіледі. Тексеру жүргізілгеннен кейін емдеуші дәрігер өтінімді емделуге жатқызу бюросының порталына енгізеді.

Клиника сәйкес бос орын болған жағдайда емдеуші дәрігермен бірлесе пациенттің талабымен таңдалады. Егер таңдап алынған стационарда бос орын болмаса, онда емдеуші дәрігер пациентке осы тектес клиниканы ұсынады.

Дәрігер пациенттің мәліметтерін порталға сақтап, қолына «жоспарлы емделуге жатқызу жолдамасын» береді. Ал стационар порталға өтінім берілгеннен бастап, екі күннің ішінде алдын ала емделуге жатқызу күнін белгілейді.

Пациентке стационар қойған жоспарлы емделуге жатқызу күні, емделуге жатқызудың автоматты топтастырылған жеке коды және пациент туралы мәліметі бар «жоспарлы емделуге жатқызу талоны» беріледі. Коды бойынша пациент www.bg.eisz.kz сайтынан өзінің жоспарлы емделуге жату кезегін қадағалай алады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив