KZ
Өскемен
+14°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Әмиян ұрлап, төбелес шығарды

7.01.2018, 07:37 84

Мерекелік бір тәуілік ішінде облыста алпыс қылмыстық іс тіркеліп, оның жартысы ашылды. Қылмыстың басым бөлігін ұрлық пен бұзақылық құрап отыр.


Мәселен, кафелердің бірінде думандатып отырған   29-жастағы азамат бірер минутқа сыртқа шығып кетеді. Сол аралықта 19 жастағы студент оның орындықтың арқалығында ілулі тұрған пиджагі мен қалтасындағы әмианын жоқ қылады. Тәртіп сақшылары ұрлық жасаған студентті тапқанымен, ол әмияндағы ақшаның жартысын жұмсап үлгерген. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.


Бір түннің ішінде тек облыс орталығының өзінде бұзақылық фактісі бойынша 13 хаттама толтырылды. Олардың басым көпшілігі  қоғамдық тамақтану орындарында  ыдыс-аяқ шаққандар, төбелес шығарғандар.


Екі азамат полицияға ұялы телефондарының жоғалғандығы бойынша жүгінген. Тәртіп сақшылары енді бұл азаматтардың мас күйінде телефондарын қалай жоғалтқандығын анықтау үстінде.


Бір тәуіліктің ішінде 20 жол жол көлік оқиғасы тіркеліп, жол көлік ережелерін бұзушыларға қатысты  531  хаттама толтырылды. Олардың тоғызы – мас күйінде көлік тізгінін ұстағандарға қатысты.


Жаңа жыл алдында Зырян ауданының тәртіп сақшылары 34-жастағы азаматтан қырық шақты контрафактілі пиротехниканы тәркіледі.


Мереке күндері облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив