KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Жарысқа түскендердің жасына шектеу қойылмады

27.12.2017, 12:33 161

Өскеменде пауэрлифтинг пен штанганы жатып көтеруден қалалық ччемпионат аяқталды. Облыс орталығында мұндай жарыс алғаш рет өткізіліп отыр.

Спорттық шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген мақсат-міндеттерге сай және ел тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесі құрметіне ұйымдастырылған.


Турнирге қатысушылар пара пауэрлифтинг, классикалық пауэрлифтинг және штанганы жатып көтеру сияқты сайыс түрлері бойынша өзара сынға түсті.

Жарыстың тұсаукесер салтанатында сөз сөйлеген мәртебелі меймандар спортшыларды тұңғыш рет өткізіліп отырған чемпионаттың ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Айта кетейік, барлық жастағы спортшылар қатысқан турнирде Яков Ионин сияқты белгілі саңлақтар да өнер көрсетті.

Бұл доданың тағы бір ерекшелігі, оған мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысуға мүмкіндік алды. Турнирде барлығы 150-ден астам спортшы сайысқа түсті. Алдағы уақытта мұндай ашық біріншіліктер дәстүрлі түрде өткізілетін болады, дейді ұйымдастырушылар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив