KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 1,1 м/с, В
481.19 538.45 5.18

Мал бордақылау алаңын салмақ

27.12.2017, 09:25 194

Жаңа ауылдағы «Мұсахан» жер телімінде ірі қара мал бордақылайтын алаңның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта бұл жерде жұмысшыларға арналған тұрғын үйлер де бой көтермек.


Жеке кәсіпкер Мақсат Нұрмұқанов асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолға алған. Болашақта ірі қара мал санын көбейтуді жоспарлап отырған кәсіпкер өнімдерін шетелге экспорттаудың жолдарын қарастыруда.


–Ақбас сиыр – қазақтың бренді. Өйткені бұл тұқым түрі аптап ыстық пен аязға төзімділігімен, майды тез жинауымен ерекшеленеді. Меніңше, етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту үшін ақбас сиыр санын көбейту қажет, - дейді Мақсат Нұрмұқанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив