KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

«Торпедо» көтеріліп келеді

25.12.2017, 09:13 157

Өскемендік «Торпедо» биылғы маусымда алғаш рет оныншы сатыдан жоғары орынға көтерілді. Өз айдынында қазандық «Барс» пен самаралық ЦСК ВВС командаларын қабылдаған жерлестеріміз екі ойында да жеңіске жетіп, Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының сегізінші сатысына табан тіреді.


Алдымен татарстандық командамен кездескен Мисхат Фахрутдиновтың шәкірттері шабуылшылар Тэннер Соренсон мен Роман Бердниковтың дәл соққылары арқасында 2:0 есебімен қарсыласынан басым түсті.


Ал бұдан кейінгі ЦСК ВВС командасымен өткізген ойында Б.Александров атындағы спорт сарайына жиналған жанкүйер қауым жеті бірдей шайбаның куәсі болды. Оның төртеуі торпедолықтардың еншісінде. Шайба соққан қорғаушы Дмитрий Быков пен шабуылшылар Аркадий Шестаков, Михаил Милехин және Александр Торяник болды.


Бір қызығы, 4:3 есебімен аяқталған бұл матч барысында қонақ команданың хоккейшілері өскемендіктерге қарағанда айдыннан алты есе жиі қуылды.


Жоғарыдай айтқандай, 36 ойыннан кейін қоржынына 63 ұпай салған «Торпедо» турнир кестесінің сегізінші сатысына көтерілді. Алда жерлестерімізді өз айдынында өткізетін тағы екі матч күтіп тұр. Оның біріншісін торпедолықтар бүгін пензалық «Дизельге» қарсы өткізді. Бұл ойын кешкі сағат 18.30-да басталады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив