KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Кілт сөзді ұмытқан шенеуніктер

25.12.2017, 04:23 145

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Әдеп кеңесінің кезекті отырысында әлеуметтік желілердегі аккаунттарында мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіретін фотосуреттері жарияланған шенеуніктердің ісі тағы сөз болды.


Естеріңізге сала кетейік, жыл басында облыстағы 51 шенеуніктің осындай суреттері әшкереленген болатын. Сол жолы лауазымды тұлғаларға мемлекеттік қызметшінің этикасына сай келмейтін материалдарды жою жөнінде қатаң ескертілген-ді. Алайда қайта жүргізілген мониторинг кейбір қызметшілердің ешқандай қорытынды шығармағанын көрсетті.


Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында осындай теріс қылығымен көзге түскен бөлім басшысы О.Григорьева суреттерін жойғанды қойып, бүгінгі күнде басқарма басшысының орынбасары лауазымына дейін өскен. Пост-бақылаудың қорытындылары облыстық білім басқармасының бас маманы Ошитоктың да ескертуді ескерусіз қалдырғанын анықтады. Жиында Ошиток өз аккаунтына кіретін кілт сөзді ұмытып қалғанын айтып, ақталмақ болды.


Жоғарыдағы фактілер аталмыш басқармаларда қызметшілерінің әлеуметтік желілердегі моральдік бет-бейнесіне басшылар тарапынан ешқандай бақылау жоқтығын көрсетеді.


Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қараша айында барлық мемлекеттік органдарға қол астындағы қызметшілерінің әлеуметтік желілерді пайдалануына қатаң бақылау жасау, оған жауапты маманда бекіту және ай сайын есеп беру туралы қайтара хат жолдады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив