KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Алматыдан олжалы оралды

23.12.2017, 07:13 121

Алматыда батутта және акробатикалық жолда секіруден Қазақстан кубогі өтіп, онда шығысқазақстандық спортшылар жақсы нәтижелерге қол жеткізді.


Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жазғы спорт түрлері бойынша облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің және балалар мен жасөспірімдердің ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері болып табылады.


Атап айтқанда, Анжела Вислобокова қыздар арасындағы акробатикалық жолда секіру сайысында бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ батутта секіруден сынға түскен Ксения Голышак екінші орын иеленсе, Евгения Степанишина үздік үштікті қорытындылады. Ерлер арасындағы батутта секіру бәсекесінің қорытындысы бойынша Игорь Грачев тұғырдың екінші сатысынан көрінсе, Роман Барков үшінші орынға жайғасты.


Жұптық жарыста да жерлестеріміз жүлдесіз қалмады. Нақтырақ айтсақ, батутта секіруден қыздар арасында Евгения Степанишина мен Ксения Голышак жұбы үздік нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив