KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 3 м/с, В
439.43 473.31 4.82

Жерлестеріміздің еншісінде 13 медаль

21.12.2017, 12:51 176

Өскеменде ел Тәуелсіздігі мерекесіне орай дзюдодан КСРО спорт шебері Марат Чегеевті еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Аталмыш жарыс осымен 16-шы рет өткізіліп отыр.


Қаладағы Жекпе-жек сарайында өткен додаға 250-ге жуық татами шебері қатысып, екі күн бойы өзара мықтыны анықтады. Бір айта кетерлігі, жарысқа еліміздің 12 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан бөлек, өзбекстандық балуандар да келді. Дзюдошылар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Турнир аясында ерлермен қатар қыздар да өзара мықтыны анықтады.


Аса тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық бірінші орынға Шығыс Қазақстан облысының дзюдошылары ие болды. Жерлестеріміздің еншісінде 13 медаль (төрт алтын, төрт күміс, бес қола). Екінші орынға 10 медальмен Алматы қаласының дзюдошылары жайғасты (үш алтын, жеті қола). Ал үздік үштікті алты жүлде (үш алтын, үш күміс) иеленген оңтүстікқазақстандық балуандар қорытындылады.


Айта кетейік, біздің команда сапында Әділ Оразбаев, Ерасыл Қажыбаев, Евгений Кияшко, Зарина Сарипова, Снежанна Лисовская сынды белгілі дзюдошылар болды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив