KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Шығысқазақстандық татами шеберлері Павлодарда топ жарды

3.04.2018, 03:24 215

Шығысқазақстандық дзюдошылар Павлодар қаласында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО-ның спорт шебері Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирден бес жүлде алып қайтты.


Аталмыш турнирге еліміздің спортшыларымен қатар, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстаннан келген барлығы 20 команда қатысып, өзара мықтыны анықтаған болатын.


Кіл мықтылар бас қосқан осынау жарыста, әсіресе шығысқазақстандық татами шеберлері тамаша өнер көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша, бес жүлдеге ие болған жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді. Бес жүлденің үшеуі – алтын, біреуі – күміс, тағы біреуі қола болды.


Қоржынымызға алтын салған спортшыларды атап өтсек, олар – 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрлан Оразалин, сондай-ақ Алмас Акрашев (90 келіге дейінгі салмақ) пен Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары салмақ).


Тағы екі жүлде салмағы 100 келіден жоғары балуандар бәсекесінде екінші орын алған Талғат Әміренов пен 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола медаль иегері атанған Ғабит Дәулетбаевтың еншісінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив