Өскемендіктер көмір тапшылығына алаңдаулы
Өскеменде көмір жетізу мәселесі әлі де шешілмей жатыр. Әлеуметтік санаттағы көмірді тарату өткен аптада тоқтатылған болатын. Алайда көп тұрғындар оны алып үлгермей қалды. Дегенмен қала әкімдігінің өкілдері барлық өтініштер толық көлемде қанағаттандырылады деп отыр.
– «Қаражыра» ЖШС мен Өскемен қалалық әкімдігі арасындағы меморандум орындалды. Осы желтоқсан айының басындағы көрсеткіш бойынша - 5367 адам отын алды яғни 31 тонна көмір үлестірілді,-деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, көмірді жеткізу мәселесі әлі де қиын болып тұр. Сол жағалаудағы Жаңа Өскемен бекетіндегі ұзын сонар кезек те сол қалпы. Вагондар кесте бойынша келмейді, отын таратушылар болса осы келеңсіздікті өз пайдаларына асырып қалуға тырысады. Салдарынан коммерциялық көмірдің бағасы тұрғындарға жеткенше шарықтап шыға келеді.
– Мен көмір жеткізумен айналысатын адамның телефон нөмірін алдым. Көмірді өте аз әкеледі, кейде 6, кейде 4 тонна кейде мүлдем әкелмейді. Мен тіпті жеткізіп бергені үшін артығымен төлеуге дайын отырмын, тек отын болса болды,-дейді қала тұрғыны Анатолий Тарасюк.
Өкінішке орай көмірді қалаға жеткізуді транспорт иелерінің өздері шешеді, ал оны ары қарай тарату кезінде көлік жүргізушілері өз шығындарын қосады. Бағаның шарықтауына да осы себеп.