KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 4 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Қабанбай көшесі өзгеше кейіпке енді

14.12.2017, 04:39 86

Қабанбай батыр көшесі биыл жаңаша келбетке енеді. Көшені жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. Ұзындығы төрт шақырымнан асатын көшеге асфальт төселіп, жүргіншілер жолағы салынды. Көше жарықтандырылып, оның төрт қиылысына бағдаршамдар орнатылды.


Осы мақсатқа «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы арқылы 385 миллион теңге бөлінген болатын. Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға Шәкәрім, Молдағұлова, Ақанаев көшелері жөнделіп, бес көшеге жарық берілді. Қала тұрғындары оң өзгерістерге дән риза. Өйткені аталмыш көшелер әбден тозығы жетіп, қаланың сәнін кетіріп тұрған болатын.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив