KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

«Динамодан» есе қайтарды

13.12.2017, 08:40 209

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында қонақта біріншіліктің көшбасшысы петерборлық «Динамомен» кездескен Өскеменнің «Торпедосы» овертаймда 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, жерлестеріміз чемпионаттың бірінші айналымында кеткен есені қайтарды.


Естеріңізге салайық, осыдан шамамен бір ай бұрын екі қарсылас Өскемендегі Б.Александров атындағы Спорт сарайында кездесіп, сол жолы ресейлік хоккейшілердің асығы алшысынан түскен болатын. 2:1.


Сол ойындағыдай бұл кездесуде де есепті торпедолықтар ашты. Нәтижелі соққы Тэннер Соренсонның еншісінде. Алайда айдын иелері айналдырған екі минуттың ішінде екі шайба соғып, әп-сәтте есепте алға шығып кетті. Бұл үш шайба да екінші кезеңде соғылған-ды.


Дегенмен соңғы жиырмаминуттықта «Торпедо» хоккейшілері тағы бір мәрте көзге түсіп, ойынды овертаймға ұластырды. Бұл жолы команданың нидерландтық қорғаушысы Майк Далхейсеннің көзге түсті.


Ал жеңіс шайбасын қосымша уақыттың үшінші минутында шабуылшы Александр Торяник соғып, өскемендік ұжымға екі ұпай әперді. 3:2!


Осы жеңісінен кейін 51 ұпай жинаған «Торпедо» турнир кестесінің 13-ші сатысында орналасуда. Бір айта кетерлігі, келесі кездесуін де жерлестеріміз Петербор қаласында өткізді. Кеше кешке газет беттеліп жатқанда Мисхат Фахрутдиновтың шәкірттері турнир кестесінің екінші сатысында келетін «СКА-Нева» командасымен күш сынасты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив