KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

"Торпедо" "Рубиннен жеңіліп қалды"

21.01.2019, 03:59 283


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 43-шы турында Өскеменде Түменнің «Рубин» командасын қабылдаған «Торпедо» қарсыласына қосымша уақытта жол беріп қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Матчтағы есепті жерлестеріміз ашты. Кездесудің 32-ші минутында соғылған шайба шабуылшы Андрей Караваетің еншісіне жазылды. Алайда қонақтар таразы басын тез теңестірді, 34-ші минутта «Торпедо» қорғаушылары Дмитрий Бойчуктан көз жазып қалды. 1:1.

Соңғы жиырмаминуттықта қарсыластар тағы бір-бір мәрте көзге түсіп, ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Біздің команда сапында қорғаушы Илья Антоновский көзге түсті.


Дегенмен, бұл күні жеңіске «Торпедодан» гөрі, «Рубин» жақын болғанын мойындау керек. Матч барысында қарсылас қақпасына көбірек қауіп төндірген қонақтар ақыры дегендеріне жетті. Овертаймның алғашқы минутында түмендік ұжымның қорғаушысы Константин Фаст нәтижелі соққы жасап, командасына жеңіс пен кезекті екі ұпайды сыйлады. Қорытынды есеп 3:2.

Осы ретте жеңіліс тапқанына қарамастан «Торпедо» да қоржынға ұпай салғанын айту керек. Қазір қоржынында 47 ұпайы бар торпедолықтар турнир кестесінің 16-ші орнында тұр.


Ертең жерлестеріміз өз айдынында Ханты-Мансийск қаласының «Югра» командасын қабылдайды. Аталмыш ойын кешкі сағат 18:30-да басталуы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив