KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Экологиялық ахуалды жақсартуға арналған шынайы мүмкіндік

8.12.2017, 11:40 158

Экологтар өскемендіктерді шаһардың экологиялық мәселесін  шешуде нақты қадамдар жасауға шақырады.  Ол үшін  тұрғындар өздерінің  пікірлерін ұсына алады.


Қала әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Ол  топтың мақсаты- экологиялық факторлардың тұрғындарға әсерін азайтуға бағытталған, айтарлықтай нәтиже беретін ұсыныстарды жинақтау.


Жұмыс тобның құрамына  мемлекеттік экологиялық құрылым , өнеркәсіптік кәсіпорын, кәсіпкерлік, атқарушы билік және басқа да сала өкілдерінен құралған 21 адам енген. Топты қала әкімнің орынбасары Расул Манапов басқарса, топтың жұмысын жүйелендіріп жүргізіп отыратын  "Экологиялық қауіпсіздік  орталығы" болып бекітілді.


Ұсыныстарды  өңдеу үшін  топ мүшелері  алғашқы отырыстарында-ақ  ең басты экологиялық бағыттарды анықтап қойды. Ол – атмосфералық ауда зиянды заттарды азайту, қоршаған ортадағы зиянды заттардың тұрғындар денсаулығына әсерін төмендету және экологиялық  ақпараттандыру,   ірі  және орта, шағын кәсіпорындардың  қоршаған ортаға  әсерін азайту, қаланы көріктеніру,санитарлық тазалық,  көгалдандыру, тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау сияқты сұрақтар.


– Бүгінгі күні  жұмыс тобының атынан 120-ға жуық ұсыныстар  берілді,  алайда олардың көпшілігі не қомақты қаржы салуды  қажет етеді немесе  жалпылама ұсыныс ретінде не болмаса ұзақ мерзімді жоспар ретінде қарастырылған.  Біздің негізгі көздегеніміз осылардың ішінен  ең шынай, жедел әрекет  жасалатын 5 ұсынысты іріктеп алу, -деді  Экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры Геннадий Корешков.

Дегенмен де көптеген ұсыныстардың ішінен ең маңыздысын әрі ең тез нәтиже беретіндерін іріктеп алу оңай шаруа емес. Өйткені тек озық ойлар ғана ғана осы желтоқсан айындағы облыстық маслихат отырысында  жарияланып, қаржылай мәселелері кеңеске салынады. Ал оған  дейін мүлдем аз уақыт қалды. Бұл тұрғыда «Өскемен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімі» ММ-нің басшысы да жұмыс тобының құрамына  енгізілді.


Сондықтан экологтар бүкіл қалалықтарды  бейқам отырмай ұсыныс айтып белсенділік танытуға шақырады.  Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-ойларды мамандар мына электронды пошта мекен-жайына  ecolog_centr@mail.ru   немесе WhatsApp  желісіне  87057526566 жолдауды сұрайды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив