KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Мектеп баспалдағынан құлап зардап шеккен оқушының анасы өз пікірін білдірді

8.12.2017, 09:02 130

Бүгін Зырян қаласында мектеп баспалдағынан құлап мертіккен  оқушыны облыс орталығына жеткізу бойынша сұрақ шешіліп жатыр.  Аудандық аурухана санитарлық авиацияны күтіп отыр.  Кеше аталған әуе тасымалы ауа райының қолайсыздығына орай шегерілген болатын.  Дәрігерлердің мәлімдеуінше, оқушы қазір ақыл-есін жиып, тілге келіп, оңала бастаған.


Зардап шеккен баланың анасы  Айгүл Қостаева күтпеген оқиғаның қалай болғандығы жайлы баласымен  әңгімелесіп, сұрап білген көрінеді.  Ұлы  баспалдақпен түсіп келе жатып қалай құлап кеткендігін өзі де байқамай қалыпты.  Соған қарағанда шалынып қалғанға ұқсайды.


–  № 1 мектеп басшылығына мен ешқандай айып тақпаймын. Ол оқу орны аудандағы айтарлықтай  мақтаулы білім ошақтарының бірі.  Екінші баламды да осы мектепте білім алуға беремін. Ұлымның сынып жетекшісі Роза Гафаровна да тамаша мұғалім.  Өз ісінің кәсіби маманы.  Сыныптастары да өте ұйымшыл,өте бауырмал. Қазір барлығы сыйлықтар жасап ұлыма беріп жіберді. Бәрі де оның жазылып кетуін тілеп жатыр.  Бұл әрине ана ретінде мен үшін өте әсерлі,көңіліме үлкен медеу болды. Аудандық аурухана ұжымына да айтар шағымым жоқ.Жедел түрде қолдан келген шараларын жасады. Жедел жәрдем де жылдам жетіп мектеп дәрігері өзіне жүктелген міндеттті қалтықсыз әрі жауапты орындады. Жалпы болған оқиғаға ешкімді де кіналай алмаймын. Бұл күтпеген жерден болған оқыс оқиға.  Апат айтып келмейтінін бәріміз білеміз ғой, сол сияқты аяқ асты болға жай, -деді оқушының анасы өз сөзінде

Айта кету керек, бұл оқиға қоғам назарын аударып отыр.  Барлық ата-аналар бей жай қарамай, оқушының денсаулығына үлкен алаңдаушылық танытуда. «Алтайньюс» редакциясының ұжымы да  оқушының тез сауығып, сыныптастарының қатарына қосылуына тілектес.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив