KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Мектепте болған оқыс жағдайдың мән-жайы анықталды

8.12.2017, 07:11 302

Осыған дейін белгілі болғандай 6-шы желтоқсан күні Зырян қаласындағы №1-ші мектептің 3-ші сынып оқушысы күтпеген қайғылы жағдайға ұшыраған еді. Жеткіншек екінші қабаттан бірінші қабатқа құлап түсіп, ауыр жарақат алған.  Қазір аудандық ауруханада ем қабылдауда. Білім бөліміндегілердің хабарлауынша бұл оқыстан болған оқиға.


– Оқыс деген аяқ астынан. Баланың сынып жетекшісінің айтуынша, ол сыныптан ең соңғы болып шыққан.  Ұзақ жиналып астыда күтіп тұрған әкесіне бармақ болады. Оқушы баспалдақпен түсіп келе жатқанда оның соңынан ентелеп келе жатқан да ешкім болмапты.Бірақ аяқ астынан қабат арасындағы алаңқайға жеткен ол шалынып қалды ма, әйтеуір төменге құлап кеткен.  Сол жерде тұрғандардың барлығы, мектеп дәрігерімен қоса балаға көмек көрсету үшін қасына барған.  Аса ауыр жарақат алғанын байқаған  мектеп дәрігері оқушыны орнынан қозғауға тыйым салып, жедел жәрдемді күткен.  Дегенмен бала ол кезде жылап жатқан екен, яғни ес-түсін білетін,-деді  аудандық білім бөлімінің басшысы Вера  Лысенко.

Тек біраз уақыт өткен соң ғана бала есінен танып қалған.  Дегенмен  аудандық аурухананың бас дәрігеріннің сөзінше, түн жарымына қарай ол есін жиып, тілге келген.


– Бала екінші дәрежелі комаға түсті, оны бірден облыстық «Ана мен бала» орталығына тасымалдауға болмады,өйткені жағдайы ауытқулы еді. Сондықтан мамандарды Өскеменнен шақырттық.  Облыстық нейрохирург  басүйек трепанациясына қажеттілік жоқ екенін айтты. Жабық бас ми жарақаты,бас миының зақымдануы сияқты диагноздар қойылып, емдеу  барысы анықталды.Осылайша түнгі 12 шамасында бала  есін жиып, сұрақтарға жауап бере бастады. Тіпті аяқ-қолын да қозғалтты,-деді аурухананың бас дәрігері Владимир Коробкин.

Дегенмен де дәрігерлер оқушының ары қарай  жағдайының жақсаруы үшін оны  облыстық «Ана мен бала» орталығына жеткізген жөн  деп санайды.  Өйткені ол жердегі медициналық жабдықтардың қауқары жоғары.


– Біз  медициналық әуе тасымалына өтініш бердік. Бірақ  ауа райының қолайсыздығына орай  ұшуға мүмкін болмапты. Десек те әзірге  жарақат алған балаға барлық қажетті көмек түрлерін көрсетіп, оның   күш жинауына барымызды саламыз және медициналық әуе тасымалына  тағы да өтніш беретін боламыз,-деді бас дәрігер.

Бұл күтпеген бақытсыз жағдай мектеп ұжымдарын да аяқтан тік тұрғызды. Бірден кеңес шақырылып, арнайы топ құрылды.


–  Бүгін өзге де мектептерді аралап шықтым. Мұғалімдерге  баспалдақтан түсу ережесі мен тәртібін оқушыларға тағы да пысықтап түсіндіру керектігін  айттым. Өйткені №1-ші мектепте болған бұл  жағдай бәріміз үшін де ауыр тиді және бәрімізге де сабақ болды. Оқушымыздың  тез сауығып кетуіне шын жүректен тілектеспіз,-деді аудандық білім бөлімінің басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив