KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Жол-патрулдік полиция батальоны жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды

8.12.2017, 06:37 138

Семей қалалық Ішкі Істер Басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспановтың айтуынша, ШҚО ІІД Семей қаласы ІІБ жол-патрулдік полиция батальоны қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды.

Мынандай талаптар қойылады:

«Заңгер-кеңесші», «Жол қозғалысын ұйымдастыру», «Автокөлік құралдарын пайдалану және жөндеу» мамандықтары бойынша орта-техникалық, орта-заңгерлік білімі; «Юриспруденция», «Жол қозғалысын ұйымдастыру», «Автокөлік құралдарын пайдалану және жөндеу» мамандықтары бойынша жоғарғы білімі болуы тиіс.

Әскери билеті бар болуы керек және «ВС» санаттары бойынша жүргізуші куәлігі болғаны жөн. Денсаулығы мықты, бойы 170 см кем емес. Сұрақтар бойынша Семей қаласындағы Бауыржан Момышұлы, 17 мекенжайында орналасқан Семей қалалық ІІ Басқарамсының кадр жұмысы бөліміне 107 кабинетке жүгінуге болады.

Байланыс телефондары: 69-31-68, 69-01-41, 56-98-30;


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив