KZ
Өскемен
-4°
ясно Штиль
479.71 533.77 5.16

Жүз соққы да жеңіске аздық етті

7.12.2017, 10:23 169

«Торпедо» өз айдынындағы кезекті ойындар сериясын жеңіліспен аяқтады. Демалыс күндері қатарынан екі матч өткізген жерлестеріміз біреуінде жеңіп, енді біреуінде жеңілуге мәжбүр болды.


Мисхат Фахрутдиновтың жігіттері алдымен Төменгі Тагилдің «Спутнигін» қабылдап, ойынның бірінші және соңғы кезедерінде соғылған екі шайбаның арқасында үш ұпайға қол жеткізді. Сөйтіп, торпедолықтар осыдан екі апта бұрын кеткен есені қайтарғандай болды. Естеріңізде болса, бұл екі ұжым арасындағы биылғы маусымдағы алғашқы кездесуде жерлестеріміз 1:3 есебімен қарсыласына жол берген-ді. Өскемендегі қарымта ойында айдын иелері сапынан Леонид Метальников пен Евгений Рымарев көзге түсті. Қорытынды есеп 2:0.


Бұл кездесуден кейін араға бір күн салып өскемендік команда «Челметпен» кездесті. Дегенмен, бұл жолы жерлестеріміз өткен ойындағыдай өз қақпаларын шайбалардан аман сақтап қала алмады. Александр Шиннің дублі мен Брендан Миллердің дәл соққысына челябілік хоккейшілер алты бірдей шайбамен жауап берді. Ең өкініштісі, «Торпедо» бұл ойында қарсылас қақпасына 100 соққы бағыттаса да («Челметте 50 соққы), тым болмағанда бір ұпайға қол жеткізе алмады. Есеп 3:6.


Қазір қоржынында 49 ұпайы бар «Торпедо» турнир кестесінің 10-шы сатысында орналасуда. Алда жерлестерімізді сырт айдындарда өткізетін төрт ойын күтіп тұр. Оның алғашқысын өскемендік команда Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының көшін бастап тұрған петерборлық «Динамоға» қарсы өткізбек. Бұл ойын 11 желтоқсан күні өтеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив