KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 1 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Дәрігерлер роботтық хирургия мен трансплантологияны меңгереді

29.11.2017, 09:35 150

Ағымдағы жылы денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен 9 миллиард теңге бөлінген. Оның алты миллиарды кардиология, кардиохирургия, онкология, акушерлік көмек сияқты медициналық салаларға қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалған. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

– Қаңтар айында шығысқазақстандық хирургтар Миланға барып, кәсіби біліктіліктерін жетілдіретін болады. Жалпы, облыстағы медициналық көмектің сапасын арттыру үшін біздің дәрігерлер арнайы курстарға барып тұрады, - деді Даниал Ахметов.

Алдағы уақытта еліміздегі білікті медициналық кадрлардың көмегімен шығысқазақстандық дәрігерлер роботтық хирургия мен трансплантологияны меңгеретін болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив