KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Шала туылған шақалақ та өмір сүруге құқылы

24.11.2017, 06:01 172

Өскеменде жыл сайын 800-ден астам нәресте шала туылады.  Жүктіліктің 25-ші аптасында өмірге келген сәби мықты күтім көрсетілген жағдайда, салмағы 500 граммнан аспаса да, адам қатарына қосылып кету ықтималдығы жоғары. Бүгінде «Ана мен бала орталығында» осы үшін  қажетті жабдықтың бәрі бар, алайда соған қарамастан салмағы тым аз шақалақтардың 44% шетінеп кетеді.


-Шала туылған баланың өмірін сақтап қалу нағыз арпалыс. Өмір мен өлім арасындағы арпалыс.  Оған кететін шығын да ауқымды.  Өйткені нәрестені аман алып қалу үшін  көптеген мамандар бірлесе әрекет етіп,  жақсы нәтижеге қол жеткізуге жанталасады. Меніңше мемлекет – мерзімінен бұрын босану  көрсеткішін азайтуға басымдылық беру керек,-дейді  «Ана мен бала орталығы»  неонотология бөлімінің басшысы Асхат Қуанышбаев.


 


Мамандардың пайымдауынша, ең алдымен учаскелік гинекологтар өздерінде тіркелген  әйелдердің жүктілігін өте мұқият жүргізіп, бақылау керек. Барлық аурулардың алдын-алу шараларын жасау да аса маңызды. Мерзімінен бұрын босануға итермелейтін факторлар жетерлік. Солардың ішінде гестоз, қан қысымы және түрлі инфекциялық аурулардан төнетін қауіп зор.


- Жүкті әйелдерді бақылау аса үлкен жауапкершілікпен жүзеге асырылу керек, өйткені  тек денсаулығы сыр берген аналар ғана мерзімінен ерте босанып, шала баланы өмірге әкеледі,-дейді жаңа туылған нәрестелерді қарқынды емдеу бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Әсел Баймолданова.


Орталыққа түскен аналардың көпшілігі «Әйелдерге арналған кеңес» бойынша мамандардың сауатсыздығынан осындай жағдайға тап болдық"- деп есептейді.  Кристина Крымкина  бұл жерге шақалақ қызымен бірге Риддер қаласынан санитарлық авиация көмегімен жеткізілді.  Әйел жүктіліктің  25-ші аптасында босанып қалған.



- Менің екі ұлым бар, олар өз мерзімдерінде туылған, ал осы жолы қауіп бар екенін айтқанмен ешқандай ем-дом  тағайындамады. Қазір нәрестем қасымда, палатаға шығарылды. Аман қалды. Мен осындағы дәрігерлерге әсіресе неонотолог мамандарға шексіз ризамын,-дейді жас босанған әйел.

Елімізде мерзімінен ерте босану көрсеткіштерін азайту үшін  әлі де жедел шаралар атқарылу керек. Ең алдымен әйелдер кеңесі саласына мықты кәсіби гинекологтар қажет. Алайда бүгінгі күні медициналық кадрлардың жетіспеушілігі өңірде өзекті мәселеге айналған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив