KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями Штиль
485.11 523.82 5.02

Шыңқожа батырға ас беріліп, балуандар белдесті

21.11.2017, 03:20 170

Жуырда Шыңқожа ауылында батырды еске алуға арналған қазақ күресінен дәстүрлі XIX облыстық турнир өтті. 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен шараға келген 104 спортшы батыр баба жүлдесін сарапқа салды.


Аса тартысты болған сайыс қорытындысы бойынша 23 келі салмақта шыңқожалық Ерасыл Баймұхамедов, 26 келіде Арнұр Әуелханов, 29 келіде Дамир Батырханов, 32 келі салмақ бойынша Нұр Болатқазы, 35 келіде Жәнібек Қайырғазиновтардың жауырындары жер иіскемей, бірінші орындарды жеңіп алды.


Сондай-ақ, 42 келі салмақта да Әлем Шәкебайдың алдына түсер жан болмады. Жарыс соңынан жеңімпаздар мақтау грамоталарлармен, медальдармен, арнайы кубоктармен марапатталды. Сол сияқты, өзгеше ойын өрнегін көрсете білген балуандар да сый –сияпаттан құр қалмады. Аталмыш турнирдің негізін қалаған ардагер ұстаз ҚР Білім беру ісінің үздігі Әбділқадыр Оспанов пен ардагер-ұстаз, мектептегі тарихи-өлкетану музейінің негізін қалаушы Қайырбек Қарымбаевтардың иықтарына шапан жабылды.


Сол күні батыр баба рухына құран қатым түсіріліп, ас берілді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив