KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Аягөздіктер үздіктер көшінен көрінді

20.11.2012, 18:00 114


Аягөз жасөспірімдер спорт мектебінде 1998-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен Қазақстан Республиаксына еңбек сіңірген жаттықтырушы Мұхтар Абдуллиннің жүлдесіне арналған турнир өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарысқа еліміздің түкпір-түпірінен 233 балғын балуандар қатысып, үш күн бойы кім мықтыны анықтады. «Күш атасын танымас дегендей» олардың қай-қайсысы болмасын намысты қолдан бермеді. Ең кішкентай 24 келі салмақтағы Алакөл өңірінің өркені бас жүлдені иеленсе, аягөздік Ихсар Құлбаев та құр қалмады. 42 келі самақта астаналық Диас Қапан, 46 келіде семейлік Аманкелді Жәнібек, 58 келіде аягөздік Мерей Бекеновтің қанжығалары майланды. Сол сияқты Айбек Үнтуповтың да мерейі үстем болды. Бір айта кетерлігі, жарыста тамаша өнер көрсеткен Алматы мен жетісулық өрендермен қатар аягөздік спортшылар да үздіктер көшінен көрінді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив