KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Зайсандықтар мұқтаж жанға жылу жинап жатыр

20.11.2017, 04:59 232

Зайсан аудандық мәдениет үйінде «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық концерті өтті.


Аудандық балалар музыка мектебі, жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты мен «Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылған концерттен түскен қаражат Нұржан Қинаятовтың ем-домына жұмсалмақ. Шараға музыка мектебінің оқушыларымен бірге ауданның өзге де өнерлі жастары қатысып, мұқтаж жанға мүмкіндігінше көмек көрсетті.


Бұл ретте қайырымдылық акциясынан аудан орталығының тұрғындары мен қонақтары да қалыс қалмағанын айта кеткен жөн. Аудандық мәдениет үйінің залына жиналған көрермен қауым концертті ыстық ықыласпен қабылдап, осы жерде қойылған жәшікке шама-шарқынша ақша салды. Артынша айтулы шарадан түскен қаражат Нұржан Қинаятовтың отбасына табысталды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив