KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 6 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Мұқтаж жандарға баспана берілді

30.10.2013, 18:00 99


Көкпекті ауданында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Жасампаз істер – ауыл келешегінің қамы үшін» атты керуен жұмысының аясында баспанаға мұқтаж жандарға пәтерлердің кілтін тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Олардың үшеуі мүгедек жандардың отбасына берілсе, төртеуі жетім жеткіншектерге табысталды. Тұңғыш рет өз үйіне қол жеткізгендердің бірі Нұржан Оразбеков мемлекеттің бұл қамқорлығын еңбегімен ақтайтынын айтады.
«Бір бөлмелі болса да, өз үйім – өлең төсегім болатыны шынымен қуантады екен. Қазір өзім Раздольное мектебінде мұғалім болып жұмыс істеймін. Жастарға осындай қолдау көрсетіліп тұрғанда еңбегімізді еселей түсеміз деген ойдамын» дейді ол.

Қайырымдылық шарасының аясында өзге де мұқтаж жандарға түрлі көлемде материалдық көмектер көрсетіліп, сыйлықтар берілді. Облыс әкімі бастаған керуен делегаттары аудандық Мәдениет үйін аралап, негізгі залдың жаңа келбетіне оң бағасын берді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив