KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями Штиль
443.16 480.39 4.94

Қалбатауда екі бірдей кадет сыныбы бар

16.11.2017, 03:32 143

Балаларға патриоттық тәрбие беру жұмыстары Жарма ауданында мектеп жасынан жақсы жолға қойылған. Қалбатауда екі бірдей кадет сыныбы бар. Кадеттіктер Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлерімен жүздесіп, олардың ерліктері жайында естеліктерін тыңдайды.


Ауданда бүгінде Ұлы Отан соғысының төрт-ақ қатысушысы қалыпты. Оқушылар әскери бөлімге экскурсияға барып, бір күндерін толығымен жауынгерлермен өткізеді. Сарбаздардың тұрмысымен танысып, әскери техникаларды ұстау, оқуға арналған қару-жарақтарды құрастырып көру жеткіншектер үшін әрі қызықты, әрі тәрбиелік маңызы да зор.


- Қазір бес-алты мектебімізде оқу автоматтары бар. Балалар қару-жарақты ұстап, оларды бұзып, қайта құрастыру сияқты дағдыларды білгендері дұрыс. Аудан әкіміне орта мектептерге пневматикалық винтовкалар алу туралы хат жазғанбыз, - дейді аудандық ауған ардагерлері кеңесінің төрағасы, старшина Тілеухан Әнуарбекұлы. - Әскерге шақырылған бозбалалармен де арнайы кездесіп, ерлерге қатысты дүниелерді әңгімелеп, ақыл-кеңестерімізді беріп жүрміз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив