KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
441.41 477.78 4.84

Риддерде жаңа балабақша пайдалануға берілді

10.11.2017, 09:40 191

Риддерде жаңа балабақша пайдалануға берілді. 280 бүлдіршінге арналған мекемеде олардың алаңсыз өсіп-жетілуіне барлық жағдай жасалған.


Балабақшаның құрылысы 2015 жылы басталған болатын. Құрылыс жұмыстары ұзаққа созылып, кезекте тұрғандар оның ашылуын тағатсызданы күтті. Ал енді балалар да мәз, ата-аналар да дән риза. Ең бастысы - жаңа балабақшаның ашылуы кезек мәселесіне нүкте қойды. Риддерде мектепке дейінгі 15 мекеме бар болса, оның үшеуі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған. Мектеп жасына дейінгі балалар толықтай балабақшамен қамтылып отыр.


Құрылысына 640 млн. теңге жұмсалған ғимарат толықтай жаңа, заманауи жабдықтармен жабдықталды. Жаңа балабақшада жеті топ бар. Мұнда 48 адам еңбек етеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив