KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

«Торпедо» 15-ші орынға түсіп қалды

10.11.2017, 08:39 213

«Торпедо» 15-ші орынға түсіп қалды. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 22-ші турында өз айдынында петерборлық «СКА-Нева» командасымен кездескен жерлестеріміз 2:4 есебімен жеңіліп, жанкүйерлерін тағы жерге қаратты.


Естеріңізге салайық, бірер күн бұрын Алексей Ждахин шәкірттері Нева өзенінің жағасынан келген тағы бір команда чемпионат көшін бастап тұрған «Динамо» хоккейшілерімен күш сынасып, 1:2 есебімен жеңіліс тапқан болатын. Жерлестеріміздің бұл жолғы қарсыласы да осал емес-тін. 22 ойыннан кейін «СКА-Нева» хоккейшілері 52 ұпай жинап, турнир кестесінің екінші сатысында орналасуда. Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, дәл сонша ойын өткізген өскемендік ұжымның қоржынында 32 ұпай ғана бар.


Ойынға келер болсақ, матчтың бірінші кезеңінде таблодағы есеп өзгермегенімен, екінші жиырмаминуттықта жанкүйерлер бес бірдей шайбаның куәсі болды. Өкінішке қарай, оның төртеуі біздің қақпаға енді. «Торпедо» сапында көзге түскен шабуылшы Иван Иванов.


Ал соңғы кезеңде өскемендіктердің Роман Бердниковтың көмегімен есеп айырмасын екі шайбаға дейін қысқартуға ғана шамалары жетті. Қорытынды есеп 2:4.


Енді жерлестеріміз қонақта қатарынан төрт ойын өткізбек. Алдымен торпедолықтар Ор қаласында «Южный Урал» хоккейшілерімен өзара мықтыны анықтайтын болады. Бұл ойын 17 қарашаға жоспарланған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив